Алып-сату

Егер Сіз жылжымайтын мүлікті сатып алып немесе сатқыңыз келсе, алып-сату бөлімінің мамандары Сізге ең жақсы нұсқаны таңдауға көмектеседі. Сіздің қалауыңызға байланысты, нарыққа анализ жасайды. Біздің бөлімнің базасы – Астанадағы ең үлкен базалардың бірі болып есептеледі, мұнда нарықтың әр сегментіндегі объектілер бар..

Алып-сату бөлімі ұсынатын қызмет түрлері:

  • Бастапқы және қайталама нарықтағы жылжымайтын мүліктің кез-келген категориясында (пәтерлер, коттедждер, кеңселер) сатып алу мен сату қызметі.

  • Жылжымайтын мүлік сату-сатып алу кезінде толықтай қызмет көрсету және тегін кеңестер беру.

  • Жылжымайтын мүлік сату-сатып алу кезінде клиентке толықтай көмек көрсету(объектіні таңдау, көрсету, келіссөздер жүргізу және керекті құжаттарды жинақтау).

  • Сатылатын жылжымайтын мүлікті ғаламтордағы арнаулы сайттар(«Крыша», «КН», «OLX») мен әлеуметтік желілерде(«Instagram», «Facebook», «VK») жарнама беру арқылы белсенді түрде алға жылжыту.

  • Ең бастысы – осының бәрі сапалы, сенімді және тез!

Сатуға өтініш беру:

Келесі ақпаратты беру қажет:

  1. ТҮК атауы

  2. Пәтер нөмірі

  3. Пәтердің ауданы

  4. Қабаты және үйдің қабат саны

  5. Клиенттің өз пәтерін бағалаған сомасы

  6. Байланыс ақпараттары (аты-жөні, телефон, эл.почта)

  7. Қосымша ақпарат

Келісімшартқа қажетті құжаттар пакеті:

Нотариуста цессия келісімшартын тіркеу (талап ету құқығын қайта табыстау):

  1. Алдын-ала жасалатын келісімшарттың, барлық қосымша шарттардың(бар болған жағдайда) түпнұсқасы, чектер мен түбіртектер (сақталған жағдайда), тізілімнен үзінді көшірме, салып берушіден анықтама.

  2. жұбайыңыздың тікелей қатынасуы + неке қию туралы куәліктің болуы керек, немесе жұбайыңыз кездесуге келе алмайтын болса, пәтерді талап ету құқығын беру келісімінің нотариалды куәландырылған өтінімі болуы керек.

Жұбайыңыздың өтініш беруі – 1 203 тг., зейнеткерлерге – 68 тг.

Цессия келісімшарты – 16 337 тг.

Маған қайта қоңырау шалыныз

Өтінеміз, нысанды толтырыңыз, таяу арада Сізге қоңырау шаламыз. Телефон нөмірі – толтыруға міндетті жол.

Есімі
Телефон
  • Номер указан в неправильном формате

Өтініш жіберілді!

Произошла ошибка!